08 Қырқ 2021
Материал М.Отаралиев

Мектеп формасы

2021-2022 оқу жылында оқушыларымыз дәстүрлі форматта білім алады. ҚР Білім және ғылым министрінің «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген мектеп формасына басшылыққа ала отырып жүзеге асады. Мектебіміздің оқушыларынан мектеп формасын ережеге сай киіп келулері талап етіледі.