24 Қар 2020
Материал М.Отаралиев

Мектеп тарихы

Мектебім – алтын ұям. Әр адамның өмірінде бұл қымбатты сөз. Сан жылдар өтсе де, мектебің туралы естелік өміріңнің жарқын парақтарындай есінде сақталары сөзсіз. Білім әлеміне алғашқы қадамдарын басқан балғын бөбектерге ғылымның сырын ұқтырып, болашаққа жол бастайтын да –мектеп. Ал ұстаз - сол әлемге жетелеуші.

Болашақ негізін қалыптастырып, шәкірттеріне үлкен тәрбие, білім беретін киелі орда - М.Отаралиев атындағы орта мектеп 1960 жылы қазіргі Ақжайық ауылында (бұрынғы Ширина) бастауыш мектеп болып ашылды. Алғашқы мектеп директоры Ұлы Отан соғысы кезінде флот матросы болған марқұм  Абошев Өтепқали  болды.

1962 жылы жеті жылдық мектеп болып қалыптасты.

1976 жылы Балықшы орталау мектебі деп аталды.

1992 жылы мектепке жерлес ақын Марат Отаралиевтің есімі берілді.

2013 жылы апатты жағдайға байланысты  ескі мектеп ғимаратының орнына жаңа мектеп салу құрылысы жоспарланды.

2017 жылдың 18 тамызында жаңа мектептің ашылу салтанаты аталып өтті.

2017-2018 оқу жылында 2 қабатты жаңа үлгідегі  жалпы білім беретін М.Отаралиев атындағы орта мектеп болып ашылды.

Мектеп директорының міндетін уақытша атқарушы Нажимова Гүлжанар Ғаділбекқызы

Қазіргі таңда мектебімізде 371 оқушы дәріс алып, 49 мұғалім еңбек етуде.