24 Қар 2020
Материал М.Отаралиев

Мектеп кітапханасының ережелері

Орта білім беретін ұйымның кітапханасы туралы ереже

                1.Жалпы ережелер

 1.1.Орта білім беретін ұйымның кітапханасы (әрі қарай мектеп кітапханасы)  орта білім беретін ұйымның құрылымдық бөлімшесі болып табылады және өз қызметін мектептің негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырады.

1.2.  Мектеп кітапханасы оқу-тәрбие үдерісін білім беру және педагогикалық әдебиетпен және ақпаратпен қамтамасыз етеді. Кітапхана білім беру үдерісінің барлық қатысушыларына: мектеп әкімшілігіне, педагогика ұжымына, оқушылар мен ата-аналарға  кітапхана қорына еркін қолжетімділікті ұсынады.

1.3. Кітапхана оқушылардың оқудағы дербестігін жүзеге асыруға, олардың танымдық және шығармашылық қызметін дамытуға септігін тигізеді, педагогикалық ұжымға педагогика және білім беру жөніндегі  ақпаратты беру, олардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сондай-ақ оқушылардың ақпарат мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдеседі.

1.4. Өз қызметінде мектеп кітапханасы:

-Қазақстан Республикасының Конституциясын;

-Білім мен мәдениеттің дамуын анықтайтын Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен иҮкіметінің нормативтік –құқықтық актілерін;

-Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасының(ҚР БҒМ РҒПК) әдістемелік ұсыныстарын;

- облыстық білім басқармасының, қалалық(аудандық) білі бөлімінің бұйрықтары мен өкімдерін;

-мектеп жарғысын;

-мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларын;

- мектеп директорының бұйрықтары мен өкімдерін;

-осы Ережені басшылыққа алады.

1.5. Кітапхана қорларын және басқа да кітапхана ақпаратынав қолжетімділік тәртібі, негізгі қызметтер мен оларды көрсетудің шарттары кітапхананы пайдалану қағидаларында белгіленеді.

 

 2.Кітапхананың міндеттері

 

2.1. Кітапхана қорларына кең қолжетімділік негізінде кітапхана оқырмандарының ақпарат қажеттіктеріне сәйкес оларға кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету жолымен оқу-тәрбие үдерісін және өздігінен білім алуды қамтамасыз етеді.

2.2. Оқушыларда ақпарат мәдениеті дағдыларын қалыптастыру, ақпарат іздестіру әдістеріне үйрету, жүйелі оқуға деген қажеттікті сіңіру.

2.3. Мектеп педагогика қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жүйелі түрде арттыруға жәрдемдесу.

2.4. Дәстүрлі  кітапхана  технологияларын  жетілдіру және инновациялық ақпарат технологияларын ендіру, кітапхана үдерістерін автоматтандыру  және ұйымдастыру техникасын пайдалану негізінде жаңа кітапхана технологияларын меңгеру.

 

3.Негізгі функциялары

 

3.1. Мектеп кітапханасының негізгі функциялары: білім беру, ақпарат және мәдени.

3.2. Мектептің оқу-тәрбие үдерісін кітапханалық және ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз етудің жүйесін жетілдіру мақсатында кітапхананың перспективалық және жылдық жоспарларын әзірлеу.

3.3. Кітапхана қорларын мектептің білім беру бағдарламаларына, оқу жоспарларына және кітапхана оқырмандарының ақпарат қажеттіктеріне сәйкес жасақтау.

3.4. Кітапхана қорларын салалық  құрамы әмбебап, дәстүрлі ( кітаптар, мерзімді басылымдар) және электронды ақпарат тасығыштардағы ( СD – ROM, мультимедиа): оқу, көркем, анықтама, ғылыми-көпшілік, ғылыми-педагогикалық және әдістеме әдебиетімен толықтыру.

3.5. Кітапхана қорының есебін ( жиынтық, мүкәмәлдық, мүкаммалдық емес) және құжаттарды ғылыми өңдеуді белгіленген талаптарға сәйкес жүргізу.

3.6. Оқырман- оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып қорды көпаспектілік ақпараттық-библиографиялық ашықтығын көрсету мақсатында анықтамалық-библиографиялық аппаратты: дәстүрлі каталогтарды( альфавиттік,жүйелі) және картотекаларды ( мақалалардың жүйелі картотекасын, тақырыптық картотекаларды) және электронды деректер базаларын (электронды каталогты) ұйымдастыру және жүргізу.

3.7. Кітапхана қорын ұтымды  орналастыруды жүзеге асыру, кітапхъана қорын сақтаудың тиісті санитарлық-гигиеналық режимін және сақталуын қамтамасыз ету.

3.8. Кітапхана қорынан тозған, ақаулы, мазмұны жағынан ескірген, басы артық дублетті, бейімді емес, аз пайдаланылатын және жоғалған әдебиеттерді алып тастау; бейінді емес және басы артық әдебиеттерді қолданылып жүрген нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес қайта орналастыруды жүзеге асыру.

3.9. Мектептің өзгешелігі мен оқырмандар сұраныстарын ескере отырып , абономентте және оқу залында саралы кітапхана қызметін көрсетуді ұйымдастыру.

3.10.Кітапхана жұмысының жеке, топтық және көпшілік  нысандарының ( әңгіме-сұхбаттар, көрмелер, библиографиялық шолулар, кітаптарды талқылау, оқырмандар конференциялары, әдеби кештер, викториналар және т.б.) көмегімен кітапхана қорын насихаттау.

3.11. Белгіленген қағидаларға сәйкес кітапхана оқырмандарына қызмет көрсетудің есебін жүргізу.

3.12. Оқырман-оқушыларды кітапхананың нақты жұмысына қатыстыру мақсатында кітапхана активін және іс-шараларды жүзеге асыру мақсатында және кітапхана жұмысының көкейтесті мәселелерін қарастыруда нақты көмек көрсету мақсатында кеңесші орган құқығындағы кітапхана кеңесін құру.

3.13. Оқырмандарға қызметтің басқа да түрлерін , оның ішінде қосымша(ақылы)   кітапханалық-ақпараттық  қызметтерін ( көп еңбекті қажет ететін библиографиялық анықтамаларды, әдебиеттер тізімін әзірлеу; баспа түпнұсқаларын ксерокөшірмелеу және т.б.) олардың тізбесі кітапхананың  ақылы қызметтер (кітапхананың негізгі қызметіне зиянын тигізбейтін) туралы Ережесіне белгіленеді.

3.14. Оқырмандарға ақпараттық-библиографиялық қызмет көрсету.

3.15. Мектептің оқу жұмысына көмек ретінде оқырмандардың ақпарат қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында ұсыныстық библиографиялық көрсеткіштерді, әдебиеттер тізімін әзірлеу.

3.16. Оқырмандарды кітапхана ресурстары туралы құлақтандыруды қамтамасыз ету үшін кітапхана көрмелерін ұйымдастыру, плакаттарды, қабырғалықтарды(стенділерді) және т.т. рәсімдеу.

3.17. Тақырыптық, атаулы, библиографиялық анықтамаларды орындау, библиографиялық шолуларды жүргізу.

3.18. Кітапхана оқырмандарына ақпаратты таңдау жіне іздестіруде кеңесшілік және нақты көмек (жеке, топтық, көпшілік) көрсету.

3.19. Кітапханалық-библиографиялық білім негіздерін насихаттау жөніндегі факултативтік сабақтар мен үйірмелерді белгіленген тәртіппен( кесте, жоспар бойынша) жүргізу, оқырмандарды қазіргі заманғы телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, ақпарат іздестіру әдістеріне баулу.

3.20. Мектеп кітапханасы құратын құжаттар қорын( құжаттар көшірмелерінің тақырыптық қорландыру папкаларын) қалыптастыру.

3.21. Кітапхана жұмысының сапасын одан әрі жақсарту мақсатында кітапхана мониторингін( оқырман формулярларын талдау, кітапхана қорын пайдалану, кітаппен қамтьылу, пайдаланушылардың ақпараттық қажеттіліктерін және т.т.) жүзеге асыру.

3.22. Оқырмандардың білім беру және педагогикалық ақпаратқа деген ақпараттық қажеттіктерін толығымен қанағаттандыру мақсатында өңірдің кітапханаларымен өзара іліктесу.

 

                                 4.Ұйымдастыру, басқару штаттары

 

4.1. Кітапхананы ашудың басты мақсаты – бұл бастапқы қордың, әдебиеттерді жинақтаудың және басқа да шығындарды , қордың сақталуы мен оқырмандарға қызмет көрсетуге жауапты штат бірліктерін қаржыландырудың жыл сайынғы тұрақөты көзінің, сондай-ақ санитарлық нормаларға сәйкес үй-жайлар мен құрал-жабдықтардың болуы.

4.2. Мектеп кітапханаларына жалпы ғылыми-әдістемелік басшылықты: өңірлер деңгейінде облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің мектеп оқулықтарының кітапханалық қорлары жөніндегі мамандары, облыстық Астана,Алматы қалалары педагогика кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының кітапханашылары;

- республика деңгейінде білім беру ұйымдарының барлық кітапханалары үшін салалық-ақпарат және ғылыми-әдістеме орталығы болып табылатын ҚР ҒМ РҒПМ жүзеге асырады.

4.3. Кітапханаға басшылықты және оның қызметіне бақылауды мектеп директоры жүзеге асырады, ол кітапхананың ұйымдық-реттеуші және технологиялық құжаттарын бекітеді.

4.4. Мектеп директоры кітапхана қызметінің барлық қырлары үшін жауап береді,бұл: кітапхана қорын жинақтау және сақтау, оқырмандар үшін жайлы жағдай мен сапалы кітапхана қызметі үшін қажетті жағдай жасау.

4.5. Кітапхананы басқарудың бірқатар қызметін мектеп директоры кітапхананың штатты қызметкеріне береді.

4.6. Мектеп кітапханасының қызметін тексеру мектеп директорының, облыстық білім басқармасының, қалалық, аудандық білім бөлімінің келісімі бойынша жүргізіледі.

4.7. Кітапхана жұмысын ұйымдастыру мен қызметінің нәтижелері үшін кітапхана меңгерушісі жауап береді, ол педагогика ұжымының мүшесі болып табылады және мектептің педагогика кеңесінің құрамына енеді.

4.8. Кітапханашы өз құзіреті шеңберінде кітапхана қызметінің нәтижелері үшін толық жауап береді.

4.9. Мектеп кітапханасының кітапхана атауы бар мөртаңбасы болады.

4.10. Кітапхана жылдық жоспарлар мен жұмысы  туралы есептер әзірлейді, олар педагогика кеңесінде талқыланады және мектеп директоры бекітеді. Кітапхананың жылдық жоспары мектеп оқу-тәрбие жұмысының жалпы жылдық жоспарының бір бөлігі болып табылады.

4.11. Кітапхананың жұмыс кестесі мектептің ішкі еңбек тәртібі қағидаларына сәйкес белгіленеді. Кітапхана жұмысының өзгешелігін ескере отырып, күнделікті жұмыс уақытының бір сағаты ішкі жұмыстырды атқаруға жұмсалады, кітапханада айына бір мәрте тазалық күні өткізіледі, бұл күні кітапхана оқырмандарға қызмет көрсетпейді.

4.12. Кітапхана штаттары мен еңбек ақы төлеу мөлшерлері қолданылып жүрген нормативтік-құқықтық құжаттарға сәйкес белгіленеді.

4.13. Кітапхана қызметкері әр бес жылда бір рет атқаратын қызметінің сәйкестігіне аттестациядан өткізіледі.

4.14. Кітапханашы біліктілікті арттыру курстарында(бес жылда бір рет) кітапхана қызметкерлерінің семинарларында, өңірдің мектеп кітапханалары қызметкерлері әдістемелік бірлестіктері кеңестерінде, сондай-ақ өздігінен білім алу жолымен жүйелі түрде біліктілігін арттырып отырады.

4.15. Аптасына бір рет кітапханашының әдістемелік күні беріледі.Ол біліктілікті арттыруға жұмсалады; өңірдің мектеп кітапханашылары әдістемелік бірлестіктерінің кеңесіне бару, басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесін зерделеу, көпшілік іс-шараларға дайындық және т.т.

4.16. Кітапхана қызметкерлері белсенді жұмысы үшін білім қызметкерлері үшін көзделген марапаттарға, айрықша белгілерге ұсынылады.

4.17. Педагогикалық кеңестерде кітапхана өз қызметі туралы мектеп әкімшілігі алдында тұрақты есеп беріп отырады.

4.18. Мектеп әкімшілігі кітапхананы мыналармен қамтамасыз етеді:

- қолданылып жүрген нормаларға сәйкес оқулықтар бөлек бөлмелерде сақталатын кітапхана қоры мен жабдықтардың сақталуын қамтамасыз ететін қажетті үй-жайлармен және құрал-жабдықтармен және өртке қарсы қауіпсіздікпен;

- осы заманға компьтер және көшірмелеу-көбейту техникаларымен (принтермен, сканермен, ксерокспен) Интернетке қатынау бар болған жағдайда Интернетке шығумен;

- белгіленген нормативтерге сәйкес қорларды жинақтаудың және басқа да шығындардың кепілді қаржыландырылуы;

-кітапхана техникасымен ( каталог кәртішкелерімен, каталог және кітап бөлгіштермен, оқырман формулярларымен және т.б.) және кеңсе жабдықтарымен:

-кітапхана  қызметінің  біліктілігін  жүйелі  түрде  арттыру: біліктілікті арттыру курстарында оқу ( бес жылда бір реттен кем емес), өңірдің мектеп кітапханашылары әдістемелік бірлестіктерінің жұмысына, конференцияларға, семинарларға, стажировкалардан өтуге қатысуы, кітапхана жұмысын ұйымдастыру проблемалары жөніндегі басқа кітапханалардың жұмыс тәжірибесімен танысу, сондай-ақ олардың өздігінен білім алуы үшін жағдай туғызу.